Түркістан: Арыстық спортшылар әлем чемпионы атанды

Грузия мемлекетінің Тбилиси қаласында жасөспірімдер мен ересектер  арасында юнифайдтан әлем чемпионаты өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы чемпионатта арыстықтар 4 бірдей алтын, 1 қола жүлдеге ие болып, ел намысын асқақтатты. 
Чемпиондарды күтіп алуға Арыс қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі алдында жиналған халықтың қарасы қалың болды. Таңсәріден жиналған арыстық ағайын мен спотшылардың ұстаздары, жақындары жеңімпаздарды ортаға алып, сый-құрметін білдірді, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.


Алтыннан алқа тағып, спорттың биігінен көрінгендер арасында Үш дүркін әлем чемпионы атағын алған Аяжан Ергентай, Жанель Алтынбек, және бір үйдің қос қызы Ақнұр Әділ мен Медина Әділ бар. Ал чемпион қыздардың жаттықтырушысы Асхат Күмісбекұлы аталған додада ересектер арасында  ІІІ орынды иеленді. Тағы бір жерлесіміз, Болат Тоқсанбай қола медальға ие болды.
Әлемнің мықтылары қатысқан додада қазақ спортшылары жалпыкомандалық есепте І орында тұр. 


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Loading...