Түлкібаста 6 білім мекемесінің жанынан қосымша ғимараттар құрылысы іске асуда

12 Мамыр, 2020 9 0

Түлкібас ауданында карантин режиміне қарамастан халық игілігіне қажетті нысандарының құрылыс жұмыстары қызу жүруде.
Ауданда халық санының өсуіне және білім алуға жоғары жағдай жасау мақсатында облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, өткен жылдан өтпелі болып Шақпақ-Баба ауылындағы С.Бреусов атындағы мектепке 200 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстары іске асуда.П.Шевцов және С.Бреусов мектебінің қосымша ғимарат құрылысы бүгінгі таңда 70 пайыздан асқан, ал қалған төрт нысан 2021 жылға өтпелі.
Айта кетерлік, әр құрылыс алаңдарында карантин режиміне сәйкес құрылысшылардың қауіпсіздігі үшін бетперделер мен дезинфекциялық заттар қарастырылған.

Тегтер: news

Пікір қалдыру