МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ 5 АУЫЛДА САРҚЫНДЫ СУДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

12 Мамыр, 2020 9 0

Мақтаарал ауданындағы Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңатұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарын топан судан тазарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.  Аталған ауылдарда дәл қазірге дейін 217 су сору насостары 7172 текше метр сарқынды суды қауіпсіз аймаққа ағызып үлгерген. Яғни  қондырғы көмегімен тәулігіне 292 текше метр су тартылуда. 
 Осы жұмыстардың нәтижесінде Өргебас ауылындағы ішкі жолдар ашылып,  көлікпен жүру мүмкіндігі туып отыр. Әзірге тұрғындарға ауылға кіру  рұқсаты берілген жоқ. Өйткені су құрсауында 4-5 тәуліктен бері тұрған баспаналарға кіру адам өміріне аса қауіпті саналуда.  
Айта кетейік, жалпы Мақтаарал ауданындағы  топан су салдарын жою жұмыстарына  1626 адам мен 324 техника, 17 жүзу құралдары және  217 су сору насостары жұмылдырылған болатын.  Су сору қондырғыларының 101 –і Өзбекстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне тиесілі. 

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: новости

Пікір қалдыру