Биыл Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) сенбіге сәйкес келеді. Бұл мемлекеттік мереке болғандықтан, демалыс күні дүйсенбі, 18 желтоқсанға ауыстырылады, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 16, 17, 18 Желтоқсанда демалады.