Түркістанда мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектік анықтамасының мерзімі ұзартылды

12 Мамыр, 2020 66 0

Түркістандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектік анықтама мерзімі ұзартылды. Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен азаматтардың инфекция жұқтыру қаупін сейілту үшін және карантин шараларын сақтау мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған turkistanmedia.kz. 

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірде 1690 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың мүгедектік мерзімін қайта куәландырудан өткізу орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылған. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да үш ай бойы көрсетілетін болды. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленбек. Айта кетейік, облыста 94 мыңнан астам мүгедектігі бар адам есепке алынған. Барлығы мемлекеттен кепілдендірілген жәрдемақымен толығымен және уақтылы қамтамасыз етіліп отыр.


Тегтер: түркістан, қоғам, мүмкіндік

Пікір қалдыру