АЛДЫМЕН ПАРТИЯНЫҢ ІРІКТЕУІНЕН ӨТУ КЕРЕК

08 Маусым, 2020 55 0

"Nur Otan" партиясының басты мақсаты қоғамда ашықтық аясында барлық әлеуметтік  топтардың  ұсыныс-пікірлері негізінде  барлық әлеуметтік топтардың көңіл-күйін қамтитын еліміздің әлеуметтік-экономикалық ақуалын және осы негізде қоғамдық-саяси  ақуалды тұрақтандыру. Бұндай жауапты іс-шара әрине,  қоғамдаға кез проблемаларға бей-жай қарамайтын партияның  жаңашыл көшбасшылары мен  белсенділері арқылы  жүзеге асары айқын. Осыған орай барлық аумақтарда партиялық праймериз, яғни партияішілік таңдау  жүргізу жоспарланған.  Арыс қаласында 16 бастауыш партия ұйымы бар, партияның қалалық филиалының атқарушы органының шешімімен аумақ 9 учаскеге бөлінген. Алдымен бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында қаралып, үміткерлер қалалық праймеризге  ұсынылады. Бұл арада әрине, партия мүшелерінің аталмыш іс-шараға үлкен жауапкершілікпен қатысуы маңызды. Қалалық, облыстық мәслихатқа депутаттыққа кездейсоқ емес, қоғам мүддесін жеке басының мүддесінен артық қоятын білімді, білікті, жаңашыл, рухани кемелденген
 партия мүшелерін іріктеп,  қалалық партияішілік таңдауға ұсыну. Әріптестер бұл науқанға үлкен жауапкершілікпен қатысып, сапалы партиялық резервті қалыптастыруға күш салуы тиіс.

И.Қалиев,
   Саяси кеңес Бюросының мүшесі,  СЖҚІҚ ҚК төрағасы, 
Арыс қаласы.

Пікір қалдыру