ТҮРКІСТАН: «БОЛАШАҚ» ПРЕЗИДЕНТТІК СТЕПЕНДИЯ ТҮЛЕКТЕРІ МАҚТААРАЛДАҒЫ БАЛАЛАРҒА СМАРТФОН ТАРТУ ЕТТІ

10 Маусым, 2020 144 0

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған апат жағдайға байланысты, елдімекен тұрғындары уақытша эвакуациялық мекендерге орналастырылған болатын. Осы орайда, «Bolashaq Ońtústik» Корпоративтік Қорының еріктілері президенттік стипендия түлектері атынан базарлықтар тарту етілген еді.
Атап айтқанда, өңір түлектері Мақтаарал ауданы Қоңырат ауылы «Еркежан» жазғы сауықтыру балалар лагеріне жазғы демалысқа жіберілген жартылай және тұл жетім 55 балаға смартфондар және кітаптар, самокаттар мен роликтер табыстады.
Аталған қайырымдылық іс-шарасының маңыздылығын арттыру мақсатында балаларға Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының беретін мүмкіншіліктері мен профориентация тақырыбында ақпар берілді.
Сонымен қатар, «Халықаралық Бағдарламалар Орталығы» АҚ Президенті Айнұр Бағдатқызының бейне сәлемдемесі көрсетілді.
«Bolashaq Ońtústik» КҚ мүшесі Гаухар Туребекова апаттан зардап шеккен отбасылар мен балаларға арнайы көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.
«Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы түлектерінің Қауымдастығы ретінде Мақтаарал ауданындағы апаттан зардап шеккен отбасылармен қатар кішкентай бүлдіршіндерімізге де арнайы көңіл бөлгіміз келді. Осылайша, Мақтаарал ауданы «Еркежан» лагерінде демалып жатқан жартылай және тұл жетім, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларға, барлығы 55 балаға қолымыздан келгенше көмектесеуді жөн деп шештік. Алдағы уақытта басқа да әлеуметтік іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Bolashaq Ońtústik» КҚ мүшесі Гаухар Туребекова.
Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай Түркістан облысы жастарының атынан «Bolashaq Ońtústik» Корпоративтік Қорына алғысын білдірді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру