Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің, - деп жазды актер.
Сонымен қатар, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жұбайы Айгүл Иманбаева да көңіл айтты.
Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен, - деп жазды әнші.