Түркістан: Сайрам ауданында жылыжай кешені жұмыс істеп тұр

Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа жылыжай іске қосылды.

«Zaure group»  ЖШС-нің жылыжайы Ақсу ауылындағы 6 гектар жерге орналасқан, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған кешенге арнайы барып, жұмысымен танысты.  Ауыл шаруашылығын дамыту, осындай жаңа жобаларды көбейту маңызды екеніне тоқталды.  Жауапты басқарма мен аудан әкімі басшылығына жаңа жылыжайлар ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Жылыжайда жылына 3500 тонна көкөніс өндіріледі. 55 адам жұмыспен қамтылған. Инфрақұрылым, су, электр мәселесі шешілген.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Loading...