Қорғанысқа инвестиция бір жылда 37% көбейді

Инвестицияның көп бөлігі Алматыға тиесілі

Ғаламтор желісінен

Биыл қаңтар–шілдеде мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 69,5 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғылдан бірден 43,2% артық. Көрсеткіштің нақты өсімі 36,6%, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.

Салыстыру үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде де елде бұл салаға күрделі салым өсті: бір жылда 2,1 есе, 48,5 млрд теңгеге дейін.

Өңірлер бойынша секторға салынған инвестицияның ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 18,3 млрд теңге, құндық мәндегі жылдық өсім — 2,7 есе.

Үздік үштікке Түркістан (9,7 млрд теңге, 31% азайған) және Маңғыстау (6,3 млрд теңге, бір жыл бұрын 89 млн теңге болған) облыстары да кірді. Салаға салынған күрделі салымдардың ең аз көлемі Ұлытау өңіріне тиесілі: небәрі 36,3 млн теңге.

Көрсеткіштің ең елеулі жылдық өсімі Маңғыстау облысында байқалды, ең көп төмендеу елордада болды: 55,6%, 5,3 млрд теңгеге дейін.

Мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы негізгі капиталға салынған инвестицияның басым бөлігі жергілікті бюджеттен: 36,7 млрд теңге — былтырғыдан 80% артық.

Республикалық бюджеттен 17 млрд теңге инвестиция тартылды, 36,2% азайған. Банктік емес қарыз қаражатының көлемі бірден 361,4 млн теңгеден 13,3 млрд теңгеге дейін өсті. Кәсіпорындардың меншікті қаражаты 2,5 млрд теңгені құрады, былтырғы қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Loading...