Із-түзсіз жоғалды деген танымал боксшы табылды

64 жастағы спортшының қайда жүргені туралы айтылмаған.

Алматыда жоғалып кеткен танымал боксшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұның алдында бокстан Еуропа чемпионы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны туралы жазған болатынбыз. 

Loading...