Автобус апаты: куәгерлер ер адамның жүргізушіні неге ұрғанын айтты

Оқиға кезінде автобуста болған куәгерлер жүргізуші мен жолаушының арасындағы жанжал неден туғанын айтып берді.

Алматыда бірнеше адамның өліміне себеп болған автобус оқиғасы туралы тың деректер шықты, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бір кезде жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шықты. Жүргізуші одан ақша төлеуін талап етті, ол бас тартты да, рөлде отырған әйелді балағаттап, қорқыта басстады. Ол оны бір рет ұрды, артынан тағы да ұрды. Сол кезде жүргізуші есінен танып қалды, - дейді бір куәгер.

Соққы жұмсаған ер адамды басқа жолаушылар сабырға шақыруға тырысқан.

Досыммен бірге отырдық. Ер адам жолақыны төлемеді. Сосын жүргізуші әйелді ұра бастағанын көрдік. Оны тыныштандырып, тіптіұруға тура келді. Досым оны ұстап алды. Бұл кезде әйел есінен танып қалған. Автобусты тоқтатуға тырыстым. Қарасам, аяғы газда екен. Еңкейіп, тормозды бастым. Автобустағылардың барлығы құлады, - дейді басқа куәгер.

Айта кетейік, Алматыда болған бұл оқиға үш бірдей адам өмірін жалмаған еді.

Loading...