Отандық актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барды, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тойға «Таптым-ау сені» фильміне саундтрек ретінде айтылған «Сезім үшін» әнін орындауға шақыртылған өнер иелері халық алдына күзетпен шығып, көпшіліктің сынына ұшырады. Видеода күзеттегі жігіттердің қонақтарды әншілерге жақындатпай тұрғанын көруге болады.
Осыдан соң оқырман қауым екеуін сынның астына алды.
«Бадықова, Абай дегендер кім? Көлеңкелерінен қорқып жүр ме?», «Өте ұят көрініс», «Бара-бара танк, сосын зеңбірекпен шығатын шығар. Арзан әрекет», - деп жазды оқырман қауым.