ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚҰЖАТ!

01 Қыркүйек, 2020 38 0

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауын барлық елмен бірге асыға күтетіндердің бірі жергілікті жерлердегі ардагерлер қауымы, ақсақалдар! Ол түсінікті де, өйткені, қоғамда орын алған реформаларды кейінгі өскелен ұрпаққа насихаттау ардагерлер мен аналар кеңесінің тікелей міндеті деп білемін.
Президентіміздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі»-атты Қазақстан халқына жолдауында бүкіл әлемді әбігерге салған індетпен күрес, індет салдарынан орын алған дағдарыстан шығу сынды маңызды мәселелер қаралып, экономикамыздың дамуына тікелей септігін тигізіетін кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталған нақты шаралар бекітілген.  
Бүгінгі таңда пандемияға байланысты білім беру саласы қиындық қиын кезеңді өткеруде. Осы ретте болашақ ұрпаққа қолжетімді әрі сапалы білім беру мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асатындығын жеткізіп, 2021 жылы мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға өсіру туралы шешім қабылдайтындығын айтты.   
Мемлекет басшысының әр бағытты қамтыған Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға мол ықпалы ететіндігіне күмәнім жоқ. 
Өз атымнан және аудандық ардагерлер кеңесінің атынын президентіміздің Жолдауына қолдау білдіре отырып, маңызды құжатта қамтылған әр бір бағытты аудан аумағында іске асыруға атсалысатындығымызды жеткіземін.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы-Сәтбай Қасымбеков.

Пікір қалдыру