ПРАЙМЕРИЗГЕ ЕҢ КӨП ҮМІТКЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІРКЕЛДІ

01 Қыркүйек, 2020 92 0

Елімізде "Nur Otan" партиясының праймеризіне үміткерлерді тіркеу аяқталды. Түркістан облысында да үміткерлерді тіркеу кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Өңірде жалпы 1144 үміткер тіркелді.
Оның ішінде әйелдер – 388 (33,9%), 35 жасқа дейінгі жастар – 341 (29,8%). Саяси додада 25 (2,2%) көпбалалы ана қатысуды жөн көрсе, ерекше қажеттіліктері бар 5 (0,4%) үміткер және шетелден оралған 5 қандасымыз (0,4%) құжат өткізген.
Ең көп үміткер тіркелген аудандарға тоқталсақ, Түркістан қаласында 106, Сарыағаш ауданында 104 және Қазығұрт ауданында 93 адам праймеризге жіберілді. Жетісай ауданы мен Кентау қаласында да үміткер қарасы қалың.
Бастауыш партия ұйымдары арқылы тіркелгендер саны – 212, ал өзін-өзі ұсынғандар саны – 932. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, үміткерлердің 147-сі кәсіпкерлік саласының өкілдері болса, білім беру саласынан 108 азамат тіркелген. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері атынан 75 өтінім қабылданса, медицина саласынан 42 үміткер бақ сынауды жөн көрген.
7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Дебаттар, кездесулер ұйымдастырылады. Дауыс беруге арналған 209 орын әзірленген. "Nur Otan" партиясының Түркістан облыстық филиалы бұл саяси додаға жоғары деңгейде дайындық жүргізді. Жалпы Түркістан облысында партияның 80 мыңнан астам мүшесі бар. Праймериз арқылы үздіктер анықталып, олар Парламентке және жергілікті мәслихаттарға ұсынылады.

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру