ЖОЛДАУҒА ЖЕДЕЛ ҮН ҚАТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУҒА БАЛАМА

01 Қыркүйек, 2020 71 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын теледидардан мұқият тыңдадым. Президент қоғамдық өміріміздің барша саласын қамтыған Жолдауы әлеуметтік-экономикалық, рухани-тұрғысынан дамуымыздың жаңа қырларын ашып, реформаларға тың серпін беретіні анық. Дегенмен, еліміз ғана емес, жер-жаһанға зор қәуіп төндірген пандемиядан әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған күрделі дағдарысты бастан кешіруде. Індетпен күресте жұдырықтайжұмылған қазақстандықтарға алғыс айтқан Президент «Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды... Алайда,  ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Алдағы айларда күш-жігерімізді жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек», деп сақтандырса, екіншіден бірлікпен тірлік жасауға шақырады.
Мемлекет басшысы дағдарысты еңсеру арқылы әлеуметтік-экономикалық өркендеуіміздің 10 іс-қимыл жоспарын ұсынады. Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» деген 8 іс-қимыл жоспарында заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бірміндеті табысты жүзеге асырмайтынын атап көрсетіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мен қорғауда құқық қорғау және сот жүесінде түбегейлі реформа жасау қажеттігін айтады. Аталмыш салаларда мемлекеттік бақылау бары рас. Дегенмен, «Мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек» дейді. Осындай бақылауды қамтамасыз етуге жоламайтын «Қоғамдық бақылау туралы» Заңқабылдауды ұсынады. Осы ретте Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру қажеттігін, оларды қоғамда наразылық, әділетсіздік тудырып жататын сатып алуды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту қажеттігін айтқан. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін тартқан жөн, деуі әділ ұсыныс. Азаматтық үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бақылауға балама ретінде қатысуы қоғамдағы кілеңсіз құбылыс-сыбайластықты, жемқорлықты, парақорлықты жоюға, тасқауыл қоюға перменді ықпен жасарым айқын.
Қалаубек АНАШЕВ,
аудандық  Қоғамдық келісім төрағасы

Пікір қалдыру