ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛҒАН ЖОҚ

01 Қыркүйек, 2020 73 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауы халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеруге, өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны байқалады. Бұған дейінгі жолдауларда жастарға көңіл бөлініп, жолға қойылған жобалар мен бағдарламалар нәтижелі аяқталып келді. Бұл жолғы жолдауда да жастар тыс қалмай, “Жас ғалым” жобасы аясында 1000 жас ғалымға грант берілмек. Бұл жас ғалымдарға үлкен ынта беріп, өздерінің дамуына үлкен серпіліс береді деп сенемін. “Аңсаған сәби” жобасы арқылы мемлекеттен квота бөлініп, еліміздің көптеген отбасыларына бақыт алып келеді. 
Мемлекет басшысының “Еститін мемлекет” тұжырымдамасын жүзеге асыру арқылы, халықтың мемлекетке деген сенімін арттыратыны сөзсіз. Жолдауда айтылған қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру, олардың құрамына әр түрлі әлеуметтік топтың өкілдерін тартып, олардығ ойларын білдіруге мүмкіндік беру, міне осылардың барлығы халықтың мемлекетке деген сенімінің артуына себеп болады.

Джолбасханов Ислам Талипұлы
“Jas Otan” ЖҚ Түлкібас аудандық филиалының төрағасы

Пікір қалдыру