ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРМЕК!

01 Қыркүйек, 2020 36 0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Президент өз Жолдауында мемлекеттік басқару  тиімділігін арттыру,  жаңа заман талабына сай экономикалық даму, өнеркәсіп саласын, ауылшаруашылығы саласын, шағын және орта бизнесті дамыту және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында бірқатар бастамалар қөтерді. 
Бұл Жолдау – мемлекет басшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті. Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шараларды жасау, қолжетімді әрі сапалы білім беруді нығайту. Президент мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігін атап өтті. Жолдауда білім және денсаулық саласын жетілдіру, ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысын көбейту, халық табысын арттыру туралы айтылған.  Жолдауда айтылған жайттардың барлығы дұрыс іске асырылуы үшін кәсіби дағды, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Жолдауда қарастырылған барлық мәселелер халықтың көкейінен шығады деп ойлаймын.
Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары-Жанесен Марат.

Пікір қалдыру