«Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам»

01 Қыркүйек, 2020 92 0

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының пайымы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген. Бұл Жолдау – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тарихи жайт. 
Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді жоспарлар мен іс-шаралар құрылатынын және пандемиямен күресуге 1 трлн теңге қаржы жұмысалатынын айтты. Ауыл шаруашылық кешенін дамыту үшін тез арада Үкіметке жоспар құруға тапсырма берді. Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Ауылды жерде, облыстарда спорт кешендерін, балалар үйірмелерін ашуға тапсырма берді»
ЭКО бағдарламалары аясында квота саны көбейетіндігі, 2021 жылдан зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болатындығын және кезекте  тұрғандардың баспана проблемасын жедел шешілуін  тапсырды 
Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керектігін тапсырды. 
Мемлекет басшысы ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керектігін, қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ұлт сапасын арттыруға атсалысу, жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керектігін, биік мұратқа жетелейтін «Еңбек» деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіру керектігін,  елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек екендігін айтты. 
 Президентіміз айтқандай, қазір тек жаңа тарихи дәуірдің басындамыз. Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Мен Қазақстанның болашағына, Президенттің реформаларына, бастамаларына сенемін.
    
Түлкібас аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры-Кенжебаева Қамар

Пікір қалдыру