Қайрат Нұртас Катарда демалып жатқан келіншегі Жұлдыз Әбдукәрімова мен балаларының жанына барып, отбасымен қауышты, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жұлдызды отбасы Доха қаласындағы сауда орталығында бренд дүкендерді аралап жүрген сәтінен видео жариялады. Әншінің де, балаларының да бақытты екенін көруге болады.
Қайрат Нұртас ұл-қызына атақты дизайнерлердің киімін сыйласа, әйелі Жұлдыз Әбдукәрімоваға қымбат брендтен қалаған затын сатып алып берген.