"Бес қызым - бес бармағым". Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім берді

Сондай-ақ әнші толғақ кезінде дұға тілеген барша тілеулестіріне алғысын білдірді.

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші рет қызды болып, ерекше есім берді, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс, - деп жазды әнші.

Loading...