Алматы облысында әйел асырап алған қызын ыстық сумен күйдіріп, азаптаған

Оның айтуынша, асыраушысы моншада шелекпен, құбыршекпен ұрған, қайнаған су құйған.

Алматы облысында тоғыз жастағы жетім қыздың асырап алған анасынан қорлық көрген, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші қыздың бейнежазбасын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары ең алдымен «НемолчиKZ» қорына жіберген.

Үндеуде айтылғандай, баланы жарты жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі асырап алып, күнделікті ұрып-соққан. Қыз оның үйінде жарты жылдай тұрып қашып кеткенімен, танысы тауып, қайта сол үйге қайтарыпты. Жәбірленуші қыз бұл қылығы үшін тағя да таяқтың астында қалған көрінеді.

Еңбекшіқазақ ауданында 9 жасар жетімге қатысты зорлық-зомбылық фактісін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева растады. Ол қыз ауруханада жатқандығын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Loading...