Түркістан: жол жиегінен табылған бүлдіршін анасына табысталды

31 Тамыз, 2020 28 0

Сарыағаш ауданда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы, полиция лейтенанты Палходжаев Берік жол бойында жалғыз өзі жүрген 2 жас шамасындағы қыз баланы тауып алды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен қолына тапсырды.

2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне шексіз алғысын білдірді. Тексеру барысында анықталғандай, анасы үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.

Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру