Құрмаш Махан екінші рет үйленгенін айтты

Отандық танымал әнші Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғанын растады.

Өнер иесі бұл туралы «Алғашқы» бағдарламасында айтты, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тағдырдың неше түрлі кезеңі болады. Содан өту үшін тәуекел етіп, көлігімді саттым да, Мысырға оқуға кеттім. Келгеннен кейін отбасым бұзылды. Құдай қосқан қосағым екеуіміз ақылдасып: «бір-бірімізден алыстап көрейік. Мүмкін қадірімізді білерміз. Дұрыс шешімге келуге себеп болар» дедік. 2010 жылы осы шешімге келдік. Айқай-шусыз, балалардың жүрегіне дақ түсірмес үшін ұрыс-керістің тоқтауын қалап, солай шешім қабылдадық, - деді әнші.

Құрмаш Махан әйелімен ажырасса да, балаларынан алыстамағанын алға тартты. Араға бірнеше жыл салып екінші рет үйленген.

Балалармен байланысымыз үзілген жоқ. Анасымен де байланысым үзілген жоқ. Екі жақта болғанымыз болмаса, әлі күнге қарайласып келе жатырмын. Кейін 2,5 жыл жүріп, екінші рет отбасын құрдым. Қазіргі жарым да балалармен қарым-қатынаста. Балаларым бір-бірін жақсы көреді, араласып тұрады, - деді Махан. 

Loading...