ТҮРКІСТАН: «ПРАЙМЕРИЗ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ БАРЛЫҚ ТӨРАҒА ТІРКЕЛДІ

21 Қыркүйек, 2020 21 0

Өткен аптада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелген болатын. Бұл праймериздің аса маңызды саяси оқиға екенін білдіреді. Бүгінде партия басшылығының тапсырмасымен өңірлерде осы саяси доданы ашық әрі әділ өткізу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Пікірсайыстар қыза түскен.
Жуырда Түркістан облысының әкімі, партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеев «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелгенін жариялады. «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша өтіп жатқан бұл праймеризде қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтарды қамтуға көңіл бөлінген. Осы бастама арқылы партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, дарынды да, креативті азаматтар іріктеліп шығады деп сенемін», – деді өңір басшысы. Сонымен бірге Түркістан облысындағы 16 аудан, қаладағы партия филиалдарының төрағалары да «Праймериз» әлеуметтік жүйесіне толық тіркелді.
Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының 79 мыңнан астам мүшесі бар. Оның 70 мыңы онлайн, қалғаны қағаз бюллетенімен дауыс береді деп жоспарланған. Партияның Түркістан облыстық және аудан, қалалардағы филиалдары осы азаматтардың деректерін жинап, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне енгізуде. Олар 1-3 қазан аралығында праймериз қатысушылар арасынан өздері таңдаған үміткерлерге дауыс береді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру