Біз тарихи сәттің куәсі болғалы отырмыз

01 Қазан, 2020 23 0

Бүгін тарихи сәттің куәсі болғалы отырмыз. Өйткені тәуелсіз мемлекетімізде тұңғыш рет 24:00-ден праймериз ережесімен дауыс беру науқаны басталды.  Енді 1-3 қазан күндері "Nur Otan" партиясының партияішілік іріктеуі өтпек.  Бұл саяси науқанға Түркістан облысы да аса жауапкершілікпен дайындық жүргізді. Мыңға жуық кездесулер мен дебаттар өтті. Үміткерлерге барынша мүмкіндік берілді. Дауыс беру орындары арнайы құрал-жабдықтармен - ноутбук, компьютер және интернет желісімен қамтылды. Алдағы үш күнде 1100-ге жуық праймериз үміткерлерінің ішінен  ашық әрі әділ дауыс беру арқылы нағыз лайықтыларын  анықтап алу қажет. Партияның өңірдегі 80 мыңға жуық мүшесі 1-2 қазан күндері онлайн тәртібімен таңдау жасайды. Ал үлгермегендер және дәстүрлі қағаз бюллетенмен дауыс беретіндер үшін 3 қазанда арнайы дайындалған 209 орын ашылады. Осы ретте праймеризде бақ сынаған барша үміткерлерге ақ жол тілеймін! Саяси аламанда сүрінбей келуіне  шын жүректен тілектеспін! 
Қашанда халықтың сенімінен қымбат дүние жоқ. Ел үшін аянбай еңбек ету — үлкен парыз. Билік пен бұқара арасында алтын көпір болу да асқан жауапкершілік. Ендеше саяси науқанның әділ де, шынайы өтуіне үлес қосайық. Әрбір партияласымыздың дауысы маңызды!

Бейсен Тәжібаев, 
"Nur Otan"  парттясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тегтер: новости

Пікір қалдыру