БҰЛ САЯСИ ҚАДАМДЫ ОҢ ӨЗГЕРІС ДЕП БІЛЕМІН

05 Қазан, 2020 26 0

Түркістан облысы, Сайрам ауданыны тұрғындарының қолдауының арқасында “Nur Otan” партиясының праймеризінде аудан бойынша 1-ші орын алып жеңіске жеттім. Маған сенім білдіріп, дауыс берген барша партияластарға алғысымды білдіремін!
Біз егемен ел атанып, іргемізді бекіткелі мұндай жалпы партияішілік сайлау өтіп көрген жоқ. Елімізге жаңалық болып енген праймериз додасы тартысты өтті. Бұл саяси қадамды оң өзгеріс деп білемін. Себебі саяси додада ашық ойлы, айтары бар, елдің мұң-мұқтажын жоқтап, жоғарыға жеткізуге күш салатын  мықты лидерлер анықталды. Келесі кезеңнен кіл жүйріктер ішінен баса озып, мемлекеттің гүлденуіне үлес қосатын, Қазақ елінің болашағына бей-жай қарамайтын нағыз тұлғалар анықталсын дегім келеді!

Сырым ЕРТАЕВ,
праймеризге қатысушы,
Түркістан облысы

Пікір қалдыру