УӘДЕНІ ОРЫНДАУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТІМ

06 Қазан, 2020 25 0

 Елімізде алғаш рет өткізілген партияішілік сайлаудың бітер уақыты келді. Осы аралықта көптеген азаматтар өздерінің сенім артатын үміткерлеріне дауыс беріп, қолдау көрсетті. Праймериздің ерекшелігі әркім өз дауысын онлайнда көріп, бақылап отырады. Былайша айтқанда, іріктеу сайлауы ашық әрі әділ өтті деген сөз. 
Кентау қаласының «Nur Otan» партиясы мүшелерінің 100 пайызға жуығы өз таңдауларын жасады.  Менде осы «Nur Otan» праймеризіне қатыстым. Ондағы мақсатым – елдің дамуына, жерлестерімнің түйткілді мәселелерін шешу жолында жұмыс істеу. Осы уақытқа дейін өндіріс саласында еңбек етіп, еліміздің индустриалды инновациялық бағытын жүзеге асырып келемін. 
Алға қойған мақсатымды Елбасы «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен өтіп жатқан праймеризге қатысу арқылы жүзеге асыруды жөн деп таптым. Бір ай көлемінде өткен праймеризде елді-мекендердегі партияластарыммен кездесіп, өз сайлау алды бағдарламаммен бөлістім. Дауыс берудің онлайн нәтижесі бойынша жоғары пайызды иеленіп отырмын. Маған артылған сенімнің үдесінен шығу жолында аянбай еңбек ететін боламын. Сайлаушыларға айтқан уәдемді орындау және партия беделін арттыру менің негізгі міндетім деп білемін. Қолдау көрсеткен баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!
Хайрулла ҚОЖАБАЕВ,
Праймеризге қатысушы,
Түркістан облысы

Пікір қалдыру