Түркістаннан солтүстікке 3555 отбасы көшті

2015-2023 жылдары аралығында Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге 3555 отбасы яғни 13 737 адам қоныс аударған.

Айта кетейік, мұның ішінде 475 отбасы яғни 1953 адам өткен жылы көшіп барды. Жаңадан кәсіп ашқандар, тіпті оны кеңейткендер бар. Тұрақты жұмысқа орналасып, күнкөрісін арттырғандар да жетерлік, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды Түркістан облысының әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

Биыл қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін 7050 квота бөлініп отыр. 2023 жылы 6727 квота белгіленген болатын. Салыстырмалы түрде 554-ке көбейген. 2024 жылы қоныс аударуға әдеттегідей теріскейдің 7 өңірі бекітілген. Солтүстік Қазақстан облысына - 2702, Павлодар өңіріне - 2603, Қостанайға - 950, Шығыс Қазақстанға - 372, Абай аймағына - 255, Ұлытауға - 132 және Қарағандыға - 36 адам көше алады.

 

Жалпы, «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан Солтүстік аймақтарға халықты қоныстандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, насихатталып келеді. Облысымызда жыл сайын бірнеше рет ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Біздің белсенді азаматтарымыз да қоныс аударған отбасылардың халімен танысу мақсатында іссапарларға барып келді. Нәтижесінде едәуір прогресс байқалады. Жабылуға жақын мектептердің халі, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оңтүстік азаматтары үлес қосуда. Сондықтан тиісті шаралар тоқтатылмайды.

Мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіл Көшуге ниетті отбасы мүшелеріне бір реттік қаржылай көмек бар. 70 АЕК яғни 258 мың теңге мөлшерінде және алғашында үй жалдауға қаражат беріледі. Одан бөлек қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіліп, жұмысқа орналасу, жеңілдікпен үй алу бойынша шаралар ұйымдастырылады.

Соңғы жылдары ұлттық мүддені көздейтін жобаны жүргізуге бірқатар ел жанашырлары атсалысуда. Биыл да бұл бағдарламаны баянда етуге атсалысқысы келетін азаматтардың артқанын қалар едік. Ортақ істен шет қалмай, жұмылғанда ғана нәтижелі болары анық. Ендеше, іске сәт!

Loading...