ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

07 Қазан, 2020 23 0

Бүгін Түркістан қаласында "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатысқан үміткерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев праймериз үміткерлерін сайлауалды іріктеуде белсенділік танытқаны үшін құттықтап, алғыс білдірді.
"Түркістан өңірі еліміз бойынша дауыс беру жағынан алдыңғы қатардан көрінді. Рухани шаһардағы пікірталас кезеңін ерекше айтып өткім келеді. Себебі карантин режимінде ашық аспан астында өткен дебаттың азаматтарымыздың денсаулығын, карантин талаптарын сақтауда маңызы зор. Алдағы уақытта бағдарламалардағы маңызды ұсыныстарды іске асыру үшін бар мүмкіндікті жасаймыз", — деді ол.
Іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет өткен партияішілік сайлауда бастамашылдық пен белсенділік танытқан барша 102 үміткерге өңір басшысы, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің атынан алғыс хаттар табысталды.
Жалпы Түркістан шаһарынан облыс бойынша 106 адам қатысып, көш бастаған болатын. Дегенмен, пікірсайыс кезеңінен бастап 4 азамат денсаулық және отбасылық жағдайына байланысты бас тартты. Қатысушылардың 69-ы ер азамат болса, 33-і әйел адам. Ал облыс бойынша 1076 адам бақ сынады. Барлық аудан, қалаларда праймеризге қатысушылар марапатталды.
"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру