Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 344 млрд теңгенің өнімін өндірген

24 Қыркүйек, 2020 48 0

Оның айтуынша, облыстағы 300 бірлік өнеркәсіп орындарында 23 мыңға жуық адам жұмыс істейді. «Бүгінгі таңда 2020-2023 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 324 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде шамамен 6 мың жұмыс орны құрылатын болады. Ал биыл 12,5 млрд.теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Толық іске асқан жағдайда 1500 адам жұмыспен қамтылады. Ағымдағы жылғы жобалардың ішінде 3-і іске қосылған», — деді Иса Мұсаұлы. Аталған жобалар: Мақтаарал ауданындағы «Tulpar Textille» ЖШС тоқыма фабрикасының құрылысы.

Жылдық қуаттылығы — 6600 тонна (жүзеге асырылуда); Мақтаарал ауданындағы «Tulpar May» ЖШС тазартылған май өндіру цехының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 2912 тонна. Жоба сомасы-2 млрд. теңге (іске асыру сатысында); Ордабасы ауданындағы «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы. Жоба сомасы-1,5 млрд. теңге (іске асырылды); Кентау қаласындағы пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын «АБН Альянс» ЖШС зауытының құрылысы. Қуаты — 1500 тонна кәріз құбырлары, жоба сомасы-600 млн. теңге (жүзеге асырылуда); Келес ауданындағы «Тмстрой21» ЖШС күйдірілген кірпіш шығаратын зауыт.

Жылдық қуаттылығы — 15 млн. бірлік. Жоба сомасы-520 млн. теңге (іске асырылды); Түркістан қаласындағы «Turkistan Textile» ЖШС тігін цехының құрылысы. Қуаттылығы — айына 15 мың бірлік. Жоба сомасы-500 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «AYKAN» Айкан» ЖШС сүт өңдеу зауытының құрылысы. Жылдық қуаттылығы — 15 тонна. Жобаның құны-390,8 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «DARIA ГРУПП» ЖШС тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдарын шығаратын зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон-жылына 21 000 текше метр. Жоба сомасы-290 млн.теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданындағы «Elit Story M&A» ЖШС бетон және асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт. Қуаттылығы-тауарлық бетон — 40 000 текше метр, жоба сомасы — 270 млн. теңге (іске асыру сатысында); Келес ауданындағы «АІ ВІ-І» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Қуаттылығы — 30 млн.дана. Жобаның құны-251 млн. теңге (іске асырылды); Сайрам ауданындағы «Көктал Групп» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жылдық қуаттылығы — 20 мың тонна. Жоба сомасы-249 млн. теңге (іске асыру сатысында); Сайрам ауданында «Конус и К» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты. Жобаның құны-200 млн.теңге (іске асыру сатысында).

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: новости

Пікір қалдыру