ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТТАРЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

15 Қазан, 2020 19 0

Түлкібастық кәсіпкер  Бейбіт Тулешев "Nur Otan" партиясының іске асырып жатқан «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында орталық ауруханаға екі жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті. Сондай-ақ, жеке алма бауының бір күндік терілген өнімін аурухана қызметкерлеріне мен ем қабылдап жатқан науқастарға таратты.
Жомарт жан қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы естіп, өз үлесін қоспақ ниетте осындай қадамға барғанын айтқан. Сонымен қатар, қиын кезеңде жаман індетпен күресте бар күш-жігерлерін жұмсаған аурухана дәрігерлеріне шексіз алғысын жеткізді.
Айта кетерлігі, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пандемияның қиын шағында түлкібастық еріктілер оттегі коцентраторының 42 данасын, 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балонын, 5 дана кір жуу машинасы мен 22 пулсоксиметр және кварц лампаларын табыстаған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру