Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары қос елде 30 күн еркін жүре алады

Екі ел арасындағы тіркеусіз жүру мерзімі өзгерді

фото: mail.kz

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының екі елде тіркеусіз жүру мерзімі ұлғаймақ,- деп хабарлайды turkistanmedia.kz.

Мәжіліс жалпы отырыста екі елдің 2000 жылғы 7 шілдедегі азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы үкіметаралық келісіміне өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады.

Құжат қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші елдің аумағында тіркеусіз болуының өзара мерзімін 5-тен 30 күнге дейін ұлғайтады.

Өзбек тарапы оны 2023 жылдың 25 сәуірінде ратификациялады.

"Жаңа құжат екі мемлекет азаматтарының бір-бірінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді және екі бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстардың, іскерлік және мәдени алмасудың одан әрі дамуына әсер етеді",
- делінген мәлімдемеде.

Loading...