“7-ші мерейтойымызды тойлаудамыз” Д.Құдайберген жанкүйерлеріне алғысын білдірді

“Dears” фанүйіне - 7 жыл!

Фото: инстаграм желісінен

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлемнің бұрыш-бұрышынан қолдау көрсететін жанкүйерлеріне алғысын жеткізді, деп хабарлайды turkistanmedia.kz.

Әншінің тыңдармандарымен бір толқында болғанына 7 жыл болыпты.

Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз.
Өздеріңіз білесіздер, 7 саны – қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын. Шығармашылығымды сіздермен бөлісіп, паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! – деді Димаш.

7 жыл бойы өнер иесіне қолдау көрсетіп келе жатқан тыңдарман бұл жолы да әншіні құттықтап, жылы лебізін жаудырды.

 

Loading...