Танымал актриса халықтың арасында күзетпен жүруге не себеп болғанын айтты

Өнер иелері бұлай істеуіне не себеп болғанын жасырмай айтты.

Танымал актриса Дариға Бадықова "Aq pen Qara" подкастына берген сұхбатында мейрамханаға күзетпен баруға мәжбүр болғанын айтты, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Актирса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барып, елдің сынына қалған еді.

Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер» демедік. Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек иә. Мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Оны екі түрлі бағытта шығарған. «Батыс жабайы» деп. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы жанашыр, - дейді Дариға Бадықова.

Актриса кезінде өзінің ауылға әншілер келгенде жабысып, артынан жүгіргенін де айтты.

Дариғаның шашынан жұлып, көп адам қысылып қалды. Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Біреуінде күзетсіз болғанда «өліп қала» жаздадық. Бірінен шығып, біріне үлгермей жаттық, - дейді Олжас Абай.

Дариға Бадықова еліміздегі өнер иелерінің күзетпен жүргеніне қуану керек деп есептейді.

Қайта біздің елдің актерлары күзетпен жүргеніне қуану керек. Голливудта күзетпен жүреді екен деп таңдандық қой. Бізде неге қуанбайды? Неге өзіміздің болып жатқан нәрсемізге қуанбаймыз? Қазақ спорт пен өнерден басқа несін дәлелдейді?, - деп айтты актриса.

Айта кетейік, актриса Дариға Бадықованың  ақтаулық жанкүйерлері шашынан тартып, жұлып ала жаздағанын жазған едік.

Loading...