“Еркекті еркек тәрбиелеу керек” Блогер бала тәрбиесі туралы айтты

Нәрікби Мақсұт ер баланы тәрбиелеудегі ерекшелікке тоқталды

Скрин: Narikbi live

Белгілі блогер Нәрікби Мақсұт ер баланы тәрбиелегенде тәртіп пен ережеге сүйену керектігін айтты,- деп хабарлайды turkistanmedia.kz.

Narikbi live ютуб-арнасында блогер әскери кафедрадағы оқу кезін еске түсірді.

“Ер балаларды бөлек оқыту керектігін әскери кафедрада оқып жүргенімде түсіндім. Сол кезде кейбір балалар байдың балалары болды. Шыны керек, еркелеген байдың балалары еді. Олар бір ауыз сөзді көтере алмайтын болды. Командир бірнәрсе айтса, "қойшы" деп қол сілтей салады. Олар дисциплинаға көнгісі келмеді. Қалған ауылдың балалары жақсы деп жасап жүре береді. Басында өте қиын болды. Ең қызығы, екі жарым жылдан кейін бәріміз бірдей болдық қой. Ерке бала да, еркелігін қойды. Басқалар сияқты, жаса дегенді жасап, тұр десе тұрып, отыр десе отырды. Аптасына бір рет болатын сабақ бізді сондай тәрбиеледі. Еркек адамды солай тәрбиелеу керек шығар деген ой пайда болды. Еркекті еркектер тәрбиелейді ғой. Ал, қыз балаға бөлек жұмсақ орта керек шығар",- деді Нәрікби Мақсұт.

Loading...