Бүгін 1 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты бес облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkistanmedia.kz.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 534-593-км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек.– 59 км.
Жетісу облысында – 1 учаске:
- "Үшарал-Достық" 84-184-км, Көктұма ст.-Достық ст.- 100 км.
Қостанай облысында – 1 учаске:
- "Жезқазған-Петропавл" 252-335-км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83 км.
Түркістан облысында – 1 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 593-652-км, Түркістан обл. шек.- Машат к.– 59 км.
Ұлытау облысында – 1 учаске:
- "Жезқазған-Петропавл" 137-252-км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.– 115 км.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жолшы жұмылдырылды.