Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт халықтан кешірім сұрады

Ұсталам деп ойламаған секілді

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып, кейін қашып кеткен Нұрболат Дәкебаевтың ұсталар алдында түсірген видеосы таралды, деп Turkistanmedia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиянымды тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым мүлде болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Мен өз қателігімді түсініп отырмын. Алла разылығы үшін кешірім сұраймын, – дейді ол.

Айта кетейік, Бас прокуратура 1 ақпан күні жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды Қарағанды облысында ұстаған еді.

Loading...