Түркістандық оқушы халықаралық форумда Түркі тілдерінде еркін сөйлейтін жасанды интелект жобасын таныстырды

Алматы қаласында өткен  "Digital Almaty 2024"  форумында арыстық оқушы ерекше жобасын ұсынды.

Ерсұлтан Мыңжасар - қазақ тілінде және өзге де түркі тілдерінде сөйлейтін жасанды интелект бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Turkistanmedia.kz.


"Qazaqgpt" атауымен көрмеге қойылған жобаға министрлер, түрлі елдердің дипломаттары қызығушылық танытып отыр. Ерсұлтан бірнеше аудандық, облыстық дебат сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ол қазіргі таңда да түрлі сайыстар мен олимпиадаларда өзінің білімі мен біліктілігін шыңдап жүр. Алдағы уақытта жасанды интеллект саласында жаңа жобаларды қолға алмақ.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Loading...