Жетісай «nur otan» барлық жағдай ұстаздарға

Кеше 14 0

   «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық сайлауалды штабының жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Хадиша Қожбанова «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Жетісай қаласының тұрғыны ардагер ұстаз , қазіргі таңда зейнеткер Шажабекова Роза апайдың үйінде болды. 
   Өмірінің барлығын білім беру саласына арнаған   ел арасында абыройы артып, талай-талай отбасыға үлгі бола білген Роза апай «Nur Otan» партиясы жасап жатқан жұмыстарын, ел арасында жүргізіп жатқан саяси ұстанымдарға оң бағасын берді. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасына деген көзқарасы дұрыс.
    «Қазіргі жағдайды ең алғаш егемендік алған жылдармен салыстыруға мүлдем келмейді.  Ол кезде жағдай қиындау болды. Қазір Аллаға шүкір жағдаймыз дұрысталды. Ұстаздардың жалақылары да едәуірге артып отыр. Бұның барлығы елдегі дұрыс саясаттың арқасы деп білемін. Елде саяси тұрақтылық пен  ұлттар арасындағы мызғымас татулық бар. Еліміз дәл осы қарқынмен жүретін болса бізге алаңдауға негіз жоқ ұрпақтарымыздың болашағының жарқын боларына сенімдіміз» дейді Роза Шажабекова   
   Қосымша айтат кетін болсақ, алдағы 5 жылда студенттердің шәкіртақысын 2 есеге өссе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын 1,5 есеге өсіруді көздеп отырған «Nur Otan» партиясы ұстаздар мен жаттықтырушылардың жалақысын 2 есеге дейін көбейтетінін жеткізген Хадиша Қожбанова. Роза апаймызға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партияның негізгі басымдылық беріп отырған 7 бағытын түсіндіріп, келер жылы 10 қаңтарда болатын сайлауда жетекші партиямызға дауыс беруге шақырды.
 
 Жетісай «Nur Otan» партиясы  филиалының Сайлау қорынан қаражаты төленген

Пікір қалдыру