Жетісай жұмысшыларымен кездесу өтті

Кеше 16 0

Nur Otan партиясы Жетісай ауданы филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Жетісай ауданы мәслихатының депуттатығына үміткерлер Р. Наматуллаев пен Н Байтілесов Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары аясында "МКК Жетісай Қызмет" жұмысшыларымен кездесу өткізді.Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын жұмысшыларға таныстыру жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында ардагер жұмысшы Өмірзақов Аралбай ағамыз сөз алып " Елде тиянақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын көзіміз көріп құлағымыз естіп отыр.  Барлық саланың қызметкерлерінің жалақылары ұдайы өсіп келеді. Бұның барлығы елде жүргізіліп отырған дұрыс саясаттың арқасы, Алдағы уақытта біздер секілді қарапайым жұмысшылардың жалақысы да көтерілсе деген ұсынысын айтса. Бақыт Жұмабаев атты ағамыз аталмыш мекемеге жүк көтергіш кран алынса жұмыстар бұдан да жүйелі түрде жүретіндігін жеткізді.  Өзгеде жұмысшшылар ұсыныстары мен тілектерін ортаға тастап, алдағы сайлауда  партияға сенім білдіретіндерін айтты. Баршаңызды нақты істер мен мақсаты айқын "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырамыз.

#NurOtangaДауысБер
#BizBirgemiz

Пікір қалдыру