Түркістан-Жетісай: ауданда жол мәселесі шешімін табады

02 Қаңтар, 2021 9 0

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихатына үміткер Алихан Утанов Асықата тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткер тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданаралық бірнеше көше жөнделетінін айтты;
 2021 жылы Асықата кенті, Қазыбек би, Ж.Ералиев ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 37,6 шқ ішкі жолдары;
 2022 жылы Жетісай қаласы және Жылысу ауылдық округінің жалпы ұзындығы 48 шқ ішкі жолдары;
 2023 жылы Ш.Ділдәбеков, Қызылқұм ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 62,86 шқ ішкі жолдары;
 2024 жылы Жаңа ауыл, Қарақай, Атамекен ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 74 шқ ішкі жолдары;
 2025 жылы Ынтымақ, Мақталы, Абай ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 79,54 шқ ішкі жолдары жөндеуден өтетін болады.

Жетісай ауданы" Nur Otan" партиясы сайлау қорынан қаражаты төленген

Пікір қалдыру