Түркістан-Отырар: «NUR OTAN» ұлт денсаулығын нығайтуға ықпал етеді

22 Желтоқсан, 2020 66 0

   2025 жылы ауданда денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейі 30%-дан 45%-ға артады. Бұл бағытта еліміздегі саяси жетекші «Nur Otan» партиясы ауқымды істерді қолға алмақ.

  Партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттер жайында бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Құрман, М.Манапов, Г.Тукушева, Е.Пірмахановтар аудандағы спорт саласының қызметкерлерімен, спорт шеберлерімен өткен кездесуде айтып өтті. Басқосуда партияның алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтынын тілге тиек еткен кандидаттар сайлаушыларды алдағы саяси додада «Nur Otan»-ға қолдау білдіруге шақырды.

Жалпы «Nur Otan» партиясы Отырар ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында көптеген жобаларды іске асыруды өз жоспарына қосып отыр. Атап айтқанда партия 2021 жылы Шәуілдір ауылынан «Лесбек» спорт кешені мен 2022 жылы дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салуға, 2023 жылы Қоғам ауылы мен 2024 жылы Темір ауылынан спорт кешендерін салуға, сондай-ақ, осы жылы Талапты ауыл округі, Ынталы елді мекенінен шағын жабық футбол алаңшасын салуға, 2025 жылы Шәуілдір ауылынан «Айдос» жүзу бассейнін салуға, 2025 жылы Талапты ауыл округі, Көкмардан елді мекенінен шағын жабық футбол алаңшасын салуға, ұлттық спортты дамытуға (520 аудандық, 25 облыстық, 10 республикалық әр түрлі іс-шаралар өткізуге. Ұлттық спорт түрлерінен, қазақша күрес, ауыр атлетика, тоғызқұмалақ, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.

   Кездесуде спортшылар еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда жеңіске жететініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

  «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді.

Пікір қалдыру