ЖЕТІСАЙ- ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН

06 Қаңтар, 2021 16 0

Бүгін Жетісай ауданы "Nur Otan" партиясының жұмыс жоспарнына сәйкес, мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж. Төреқұл мен  Т. Қаржауов  Жетісай ауданының белсенді жастарымен кездесіп партиямыздың төмендегідей жоспарларымен таныстырды.
Жастар-мемлекеттің болашағы. Жетісай ауданында 40 мыңнан астам жастар бар. 2025 жылға дейін «Nur Otan»  партиясы мен оның «Jas Otan»  жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтетін болады. 025 жылға қарай мемлекеттік органдармен біргелесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастардыт ауылдық жерлерге тұрақтандыру, және олардың шығармашлық тұрғыдан өздерін дамытуға барынша жағдай жасалынатын болады. 
Бұл үшін «Nur Otan»  партиясы:
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 500 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай жасайды. Ол үшін қажетті баспамен қамтылып, көтерме жалақы беруде қарастырылатын болады. Одан бөлек, ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдар арасында бірлескен меморандум жасап 2,5 мыңнан астам жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтитын боламыз.  Және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жылына 15 тен кем емес грантты жастарға беретін боламыз. Барлық ауылдық округтерде волентерлік клубтар құрылып, еріктілердің ауқымын кеңейтуге күш саламыз. Осын жұмыстардың нәтижесінде Жетісай ауданында 5 жылдың ішінде. Мәдениет  ошақтары ашылып , шығармашылық орталықтар жұмыс істейтін боладфы. Осы бағдарламалар негізінді 2,6 мың жас жұмысқа орналасып. Жетісай ауданында жұмыссыз жастардың деңгейі 2,5 есеге төмендейтін болады.

Жетісай ауданы «Nur Otan» партиясының сайлау қорынан қаражаты төленген

Пікір қалдыру