Түркістан – Мақтаарал: ауылда тұрақтайтын жас мамандардың жағдайы жақсарады

02 Қаңтар, 2021 22 0

Ауыл ақсақалы партияға мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерге тарту және бекіту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы, оның әлеуетін дамытуы үшін жағдай жасау туралы ұсынысын айтып, мәселені шешудің оңтайлы бірнеше жолдарын да ұсынды.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтуді мақсат еткен «ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН» атты төртінші басымдығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 450 білікті жас мамандарды ауылға тарту мақсатында әлеуметтік қолдау, тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы мәселелерін оңтайлы шешуге, ауданның шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандум жасау арқылы жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтыуға, жаңа жұмыс орындарына жастар арасынан 8 600 адамды жұмысқа орналастыруға, «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамасының бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын гранттар санын арттыра отырып жастардың өз бизнестерін ашуына жәрдемдеспек.

Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру жолымен волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелеуге, спорт объектілерін, оның ішінде денешынықтыру-сауықтыру кешендерін, спорт және «Workout» алаңдарын қайта құру, салу мәселесін шешуге ықпал етуді де жоспарлап отыр. Міне, осындай бастамалары арқылы «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай жастардың арасындағы жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға төмендетуді көздейді.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Тегтер: новости

Пікір қалдыру