Түркістан–Мақтаарал: ұлттық спортты дамытуды партия қолға алады

05 Қаңтар, 2021 7 0

Көкпар – қазақтың қанына сіңіп, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып заманына, қоғамына қарай түрленіп, дамып келе жатқан ұлттық өнерлеріміздің бірі. Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан шабандозды көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ жоқ шығар? Көкпарды жігіттің жігіті ғана тартатынын білетін қазақ ұландарын қаршадайынан төзімділікке, ептілікке, батылдыққа, батырлыққа баулитын өнер түрін күні бүгінге дейін қастерлеп келеді.


Міне, сондай ат аламанында атой салып күллі қазақ жерін, Орта Азияны есімі шарлаған қазақ көкпаршысы Алиакбар шабандоздың шаңырағында болған Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді. Ардагер көкпаршымен кандидаттар ұлттық құндылықтар мен ат спортының, оның ішіндегі көкпар ойындарының дамуы, партияның сайлауалды бағдарламасында басымдық берілген салалар жайында еркін форматта әңгімелесті. Пікірін тыңдап, ұсыныстарын талқылады. 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

Төрткүл дүниені түгел мойындатқан қазаққа ғана тән, бағзы заманнан, батыр бабалардан мирас болған асыл өнерді өскелең ұрпаққа үйретіп, ат баптаудың қыр-сырын терең меңгерген Алиакбар шабандоз партия саясатын толық қолдайтынын айтады.


«Басы  қайырусыз, аяғы жиюсыз жатқан қазақ елінің қанын қыздырып, жүрегіне от беріп, делебесін қоздырған ойын – көкпар заманына сай жаңғырып, жасарып қазақпен бірге жасап келеді. Ат спорты, жылқы жануарының қасиеті жайында Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының төрағасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында да ерекше тоқталып кеткен. Сондықтан да біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттауға, дамытуға міндеттіміз. Бұл мақсатта, әрине, «Nur Otan» партиясымен біргеміз» дейді ардагер көкпаршы.
 
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Тегтер: новости

Пікір қалдыру