Жаңатастағы қайғылы оқиға: 5 баланың ата-анасына пәтер берілді

23 Ақпан, 2021 66 0

Жамбыл облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілді. 

«Балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді» делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды.

Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 5 бала қалған. Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.


Тегтер: новости

Пікір қалдыру