Түркістанда «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында  онлайн конференция өтті

25 Ақпан, 2021 246 0

    Шараны өткізудегі басты мақсат – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дәріптей отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқанына талдау жасау.   

  Бейнеконференция байланысы арқылы өткен мақсатты жиынға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас  Қарғабай, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Жанат Момынқұлов, Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бахытжан Қалжанұлы Мұхамеджанов, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Рухани жаңғыру және тәрбие департаменті директоры Лаззат Динашова, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Ермағамбетқызы Абуова мен  облысқа қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қала/аудандардағы адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшілері,  «Саналы ұрпақ» студенттік клубының белсенділері қатысты.
Онлайн режимде өрбіген шарада Мирас Қарғабай білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жас ұрпақтың өне бойына адалдық қағидаттарын  қалыптастыру мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндады. 

Өз кезегінде адами әлеуетті дамыту  басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев облыстағы «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметімен таныстырып, алдағы уақытта да Департаментпен бірлесе  парасатты ұрпақ тәрбиелеуде жұмыла жұмыстар атқарылатынын хабардар етті.

Сонымен қатар, конференция барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Жанат Момынқұлов университет өкілдері, колледж басшылары және аудандық білім бөлім басшыларына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: парасаттылық және комплаенс тақырыбында презентация жасап, толымды ақпаратымен ой бөлісті. 

Сондай-ақ, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Рухани жаңғыру және тәрбие департаменті директоры Ләззат Динашева университетте құрылған «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен жүзеге асырылған жұмыстарды мәлімдеді. 

 Бұдан бөлек,  «Sanaly urpaq» республикалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев оқу орындарында адалдық қағидаттарын енгізу, жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру жайында баяндама жасап, мемлекет саясаты үшін адал ұрпақ тәрбиелеу басым бағыттардың бірі екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың маңыздылығына білім беру ұйымдарының назарын аударып,  жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған шараларды мекеменің интернет-ресурстарында тұрақты түрде жариялауды және жұмыс қарқынын одан әрі жандандыруды ұсынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан өңіріне қарасты білім беру ордаларында  3000-ға жуық мүшесі бар 66 «Sanaly urpaq» клубы жұмыс жасауда. 

Тегтер: новости

Пікір қалдыру