Алматының «Қайрат» командасы – 2021 жылдың суперкубок ойындарының қола жүлдегері атанды

06 Наурыз, 2021 117 0

    Түркістандағы халықаралық талаптарға сай салынған «Turkistan Arena» стадионында футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының биылғы  Суперкубок ойындарының жүлделі орны  үшін кезекті матч өтті. Алматының атақ-даңқы алысқа кеткен «Қайрат» командасы мен Қарағандының қорғаны мықты  «Шахтер» футболшылары үшінші орын үшін бар күш-жігерлерін ортаға салды. Жасыл алаңдағы бұл кездесу  ə дегеннен ақ тартысты басталды. Алғашқы ойынның бірінші таймында екі команда да қанша мəрте шабуылдар жасағанмен, есеп ашылмады.

 Тек ойынның екінші кезеңінде ғана дəлірегі, 52-минутта «Шахтер» командасының тəжірибелі ойыншысы   №70  Пайруз Жан Али «Қайрат» қорғаушыларының қателікке бой алдырғанын ұтымды пайдаланып, қақпаға  допты тулатты. Есеп: 0:1.

 Мұнан соң алаңдағы тартыс алма-кезек жалғасты. Алматының «Қайрат» командасының шабуылшылары дер  кезінде ойын тактикасын күшейтті. Нəтижесінде, ойынның 64-минутында   №33 Денис Поляков  есепті теңестіріп, қарсыластар қақпасына гол соқты. Есеп 1:1 .

   Есеп теңістірілгеннен соң алматылықтардың жеңіске деген құлшыныстары артты. Көп ұзамай алаңда  сəтті шабуылдар ұйымдастыра алған  «Қайрат» ойыншылары кезекті рет есепті еселеуге қол жеткізді.

Ойынның 88-минутында «Қайраттың» атақты бразилиялық ойыншысы Вагнер Лав  оңтайлы сəтті пайдаланып, командаласына керемет пас шығарып берді. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейтін  сұрмерген №10 ойыншы Штрели Мамба  өзінің жеңіс голын соғып кетті.

 Осы есепті ойын соңына дейін сақтап қалған  қайраттықтар 2:1 есебімен 2021 жылдың футболдан Қазақстан Республикасының  Суперкубок ойындарының қола жүлдегері атанды.

 Бүгін ғаламат жеңіске жеткен жеңімпаз «Қайрат» командасының Суперкубок ойындарында  үшінші орынды жеңіп алуымен марапаттау рəсімі де өтті. Алматылық футболшыларды  Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев  жүлдегер атанған команданы жеңістерімен құттықтап, қола медалді табыс етті.

   Ал, ертең 6-наурыз күні футбол сүйер қауымның көптен күткен ақтық сынға жолдама алған  Елордалық  «Астана» командасы мен Қостанайдың «Тобылы»  Қазақстан Республикасының кезекті Суперкубок ойындарының бас жүлдесін сарапқа салатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: новости

Пікір қалдыру