Түркістан облысында коронавирус аурушаңдығы 58%-ға төмендеген

11 Наурыз, 2021 141 0

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші едәуір төмендеген. Сала мамандары жыл басынан бері облыста эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын мәлімдейді. Мәселен,  қаңтар, ақпан айларында   короновирус аурушаңдығы  58%-ға төмендеген. Наурыз айының алғашқы аптасында да тұрақтылық байқалып отыр. Бұл - өңірдегі эпидахуал бойынша атқарылған күнделікті жұмыстардың нәтижесі, дейді мамандар.

 

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, бүгінгі күні өңірде коронавирус жұқтыраған 659 жағдай тіркелген. Аймақта бұған дейін  4204 азамат індеттен айықты. Түркістан облысында  9 полимеразды тізбекті реакция зертханалары жұмыс жасайды. Өткен жылдан бері  532 мыңға жуық азамат ПТР текст тапсырған.    

 

Сонымен қатар,  облыста пневмонияға шалдығушылар саны да 25% азайып отыр. Түркістан облысы еліміз бойынша  жасыл аймақтың қатарында. Өңірдің бас  мемлекеттік санитариялық дәрігері  Нұрбек Нышановтың соңғы қаулысында кәсіпкерлік ныснадарының жұмыс жасау уақыттары ұзартылып,  карантиндік шектеулер жеңілдетілді.

 

Дегенмен, мамандар  өңір тұрғындарын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптарды қатаң сақтауға шақырады.  Көпшілік жиі шоғырланатын жерлерде әлеуметтік қашықтық пен маскалық тәртіп  сақталуы керек екендігін ескертеді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: новости

Пікір қалдыру